Басты Басты
Басты Басты
Басты Басты
Басты Басты
Басты Басты

Жаңа Қазақстандағы арман қаласы

20%
БАСТАПҚЫ ЖАРНА
Аз қабатты үйлер
Медеу ауданы
Орталыққа дейін 11 минут
Пәтер таңдау Таныстырылымды жүктеп алу

Бұл — арман қаласы

SABA GROUP KZ компаниясы Arman City жаңа өршіл жобасын ұсынады, бұл — жай ғана тұрғын үй кешені емес, бұл — Алматының экологиялық таза ауданындағы инновациялық орам.

Кешен Алматы қаласының Медеу ауданында, Халиуллин көшесінің бойында орналасқан. Кешеннің орналасқан жерінде үнемі самал жел соғып тұрады, бұл серуендеуге және таза ауада демалуға қолайлы жағдай жасайды. Бұдан бөлек, аз қабатты тұрғын үй блоктары 10 баллдық сейсмикалық белсенділікке есептелген, бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етеді. Кешенде сондай-ақ тұрғындарға жылдың кез келген мезгілінде жайлы өмір сүру жағдайларынан ләззат алу мүмкіндігін беретін дербес жылыту жүйесі қарастырылған. Заманауи технологиялар мен инженерлік шешімдердің арқасында әрбір пәтер температураны өз қалауынша реттеуге мүмкіндік беретін тәуелсіз жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Осы факторлардың барлығы Arman City тұрғын үй кешенін жайлы өмір сүретін тамаша орынға айналдырады, мұнда тұрғындар әсем табиғат пен кешен жайлылықтарынан ләззат алып қана қоймай, сонымен қатар, өз үйлерінің жоғары қауіпсіздік пен дербестікке ие екенін біледі.

Жоба туралы бейнежазба:
Arman City-ге қош келдіңіз
Аэрокөріністі қарау

Көлікке ыңғайлылық

Тұрғын үй кешенінің аумағына Талғар және Құлжа тас жолдарынан ыңғайлы кіру.

Небәрі 11 минуттың ішінде қаланың мәдени орталығына, сауда орталықтарының, мұражайлар мен театрлардың ортасына тап боласыз.

5минут

Magnum

6минут

Райымбек батыр
мешіті

10минут

Halyk Arena

15минут

Көп бейінді аурухана

5минут

ШААЖ

10минут

Aport СОО


Hawaii аквапаркі

15минут

Аэропорт

23минуты

Табаған тау шаңғысы курорты

30минут

OI-Qaragai отбасылық тау курорты


Ақ-бұлақ биік таулы курорты

*Көрсетілген уақыт жолдардағы ағымдағы жағдайды есепке алмайды.

2GIS-те ашу

Arman City ерекшеліктері

Жасыл желекке бөленген көліксіз аула — Arman City саябақ орамының негізгі ерекшелігі.

Таза ауа, жапырақтың сыбдыры, көлеңкелі аллеялар, субұрқақ және тек жаяу жүргіншілерге арналған кеңістіктер — бұл біздің түсінігімізде «болашақ қаласы», «арман қаласы».

Жеке мектеп

Жеке мектеп

Кешен аумағында үлкен стадионы бар жеке мектеп қарастырылған. Сіз оған бірер минутта жете аласыз.

Мектеп тұрғын орамның ортақ кеңістігіне органикалық түрде кіріктірілген, ал оның жайластырылған жасыл аумағы спортпен айналысуға және таза ауада ойнауға өте қолайлы.

Бұдан бөлек, мектеп ғимаратында сабақтан тыс уақытта да баруға болатын спорт секциялары мен қызығушылық үйірмелері орналасады.

Балабақша

Балабақша

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде балалар білім алып, дамуға, ал балабақшаның жайластырылған аумағында таза ауада серуендеп, ойнауға мүмкіндік алады.

Эко бульвар

Эко бульвар

Кешеннің бүкіл аумағынан өтетін эко-бульвар серуендейтін және мәдени ойын-сауық шараларын өткізетін сүйікті орынға айналады. Мұқият іріктеп алынған, аймақ климатына бейімделген өсімдіктер өзіндік бірегей орта қалыптастырады.

Ал оны жасыл аймақтар, демалыс орындары, балалардың ойын алаңдары, workout аймақтары, серуендеу аллеясы толықтырады — мұның бәрі арман қаласының тұрғындарына арналған.

Жер асты көлік тұрағы

Жер асты көлік тұрағы

Арман қаласының тұрғындары жер асты көлік тұрағынан тұрақ орындарын ала алады — пәтерден шығып, даладағы аптап ыстық пен қақаған суықты сезінбей, лифтпен тура көлігіңізге жетесіз. Сонымен қатар, көлік тұрағының аумағында электромобильдерді қуаттайтын станция орнату мүмкіндігі бар.

Ауладағы спорт

Ауладағы спорт

Ішкі аулалар балалар алаңдары мен спорт алаңдары бар, жасыл желекке бөленген жанға жайлы саябақтарға ұқсайтын болады.

Әр үйдің ауласында ашық аспан астында жаттығуға арналған алаң пайда болады.

Алаңдарда резеңке үгіндісінен жасалған жабынның арқасында жаңбырдан кейін де, аязда да тайғақ болмайды. Кешен аумағында велосипед жолдары, самокаттар мен велосипедтерге арналған тұрақтар қарастырылған.

Субұрқақ

Субұрқақ

Бульвардың айрықша ерекшелігі тірі өсімдіктермен безендірілген әнші субұрқақ болады. Кешкі уақытта мұнда классикалық және заманауи музыка атмосферасына бойлап, қазақстандық және әлемдік композиторлардың шығармаларын тыңдаудан ләззат алуға болады.

Ойын алаңдары

Ойын алаңдары

Ойын алаңдарында сәбилерге де, ересектеу балаларға да қызықты болуы үшін әр түрлі жастағы балаларға арналған аймақтар қарастырылған. Біз табиғи материалдардан жасалған жабдықты қолданамыз, бұл сенсорлық сезімдердің дамуына септігін тигізеді. Ал ойын кезінде жарақаттанудан баланы қауіпсіз жабын қорғайды.

Жер деңгейіндегі кіру есіктері

Жер деңгейіндегі кіру есіктері

Тұрғын үй кешені жаяу, самокатпен, арбамен және жылжымалы кресломен жүріп-тұруға ыңғайлы етіп жобаланған. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін барлық үйлерде жер деңгейіндегі кіру есіктері қарастырылған.

Фитнес клубы

Фитнес клубы

Тұрғын орамның аумағында фитнес клубы орналасады. Енді спортпен айналысу және салауатты өмір салты бұрынғыдан да қолжетімді болады. Жұмысқа кірісер алдында кардиожаттығу жасау немесе ұйықтар алдында күш жаттығуларын жасау – кіреберістен бірер адым жерде.

Face ID бет-әлпетті тану жүйесі бар IP домофон

Face ID бет-әлпетті тану жүйесі бар IP домофон

Face ID функциясы бар домофон бет-әлпетті автоматты түрде таниды және кілтті қолданбай-ақ кіреберістің есігін ашады.

Жүйе қолданбаға тіркелу кезінде жүктелген фотосуретпен салыстырады. Жаңа функцияның арқасында кіреберіске бөгде адам кірмейді.

Дизайнерлік холдар

Дизайнерлік холдар

Төбесі биік, шыны есіктерінен табиғи жарық мол түсетін кең және жарық холдар. Кіреберістерде арбаларды сақтауға арналған арнайы үй-жайлар қарастырылған.

Сейсмикалық төзімділік

Сейсмикалық төзімділік

Жоба сейсмикалық төзімді құрылыстың заманауи технологияларын енгізуді көздейді. Ғимараттың күш түсетін барлық элементтері «ҚазҚСҒЗИ» АҚ берген есептеулер мен арнайы техникалық шарттар негізінде жобаланған. Жүктемелер 1991-1-1№2002/2011 «Күш түсетін конструкцияларға әсер ету» ҚР ҚН EN сәйкес қабылданған және 10 балл сейсмикалық белсенділікке есептелген.

K+

Тұрғын үй кешенінің класы:
комфорт плюс

6

Қабат саны:
6 қабат


Төбелердің биіктігі

2.85

Тұрғын үй-жайлар

3.4

Коммерциялық үй-жайлар


Қасбет материалдары

клинкер кірпіші

керамикалық панельдер


барлық пәтерлер екі контурлы газ қазандығымен жабдықталған

Жайғасымдар

Сіз жалпы ауданы 44 ш.м.-ден 118 ш.м.-ге дейін құрайтын бір бөлмеліден төрт бөлмеліге дейінгі пәтерлерді таңдай аласыз. Сізге үлкен отбасыға немесе есейіп қалған балаларға арналған пәтер керек пе, әлде ол жалғыздықты сүйетін адамның оңаша мекеніне айналуы тиіс пе — бұл маңызды емес, өйткені таңдау жетерлік. Әрине, бұл Arman City-дегі кез келген пәтер сәтті сатып алу ғана емес, тиімді инвестициялау да болып табылатынын білдіреді.

Арманыңыздағы пәтерді таңдаңыз
бастап

40 м2

40 м2
50 м2
60 м2
дейін

40 м2

40 м2
50 м2
60 м2

2 комнаты, 67.19 м2

2 комнаты, 67.19 м2

2 комнаты, 67.19 м2

Коммерциялық үй-жайлар

Arman City-дегі коммерциялық үй-жайлардың инфрақұрылымы — бұл болашақта аудан тұрғындары күнделікті пайдаланатын кафелер, сұлулық салондары, офистер, дүкендер және қызмет көрсету орындары.

Ауданы 68 ш.м.-ден 290 ш.м.-ге дейінгі үй-жайларға тұрғын орамның қасбеттік жағынан да, кешен ішінен — бульвардан да кіру нұсқалары бар.

Біз бизнесті табысты және сапалы дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға ұмтыламыз.

Коммерциялық үй-жайды таңдау
бастап

40 м2

40 м2
50 м2
60 м2
дейін

40 м2

40 м2
50 м2
60 м2

2 комнаты, 67.19 м2

2 комнаты, 67.19 м2

2 комнаты, 67.19 м2

Бағасы және төлем талаптары

Төлем талаптары

Жеңілдік

Бүкіл соманы 100% төлеу

10%-дейін

Бастапқы жарнамен бөліп төлеу (%)

50% бастапқы жарна
+ бөліп төлеу

5%

Құрылыс барысы